«ҚАЗҰМУ-ДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ»
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті сізді университеттің 85 жылдығына арналған
«ҚАЗҰМУ-ДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨКІЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН V ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ ( 28-29 мамыр 2015 ж., Алматы қаласы)
Конференция С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2010 жылдан бастап Болон үдерісінің қағидаттарына негізделіп, құзіреттілікті қалыптастыруға бағдарланған білім беру моделін енгізумен байланыстырылған.
Конференция бағдарламасының бірінші күні: «ҚазҰМУ-дың медициналық білім беру моделі – бәсекеге қабілетті түлек» тақырыбына арналған және оның ішінде:
- Медициналық университет түлегінің негізгі құзіреттері – білімі, практикалық, коммуникативтік дағдылары, өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі дамытуын – қалыптастыру, жетілдіру және бағалаудың әдістемелік аспектілері;
- Білім алушылардың құқықтық құзыретін қалыптастыру мәселелері;
- Зерттеу арқылы оқытуды жүзеге асыру мәселелері;
- Білім беру үдерісі менеджментін жетілдіру тәсілі қарастырылады.
Конференцияның екінші күні «Медициналық білім беру моделін жүзеге асырудағы оқытушының ролі» тақырыбына бағытталған және бағдарлама аясында келесі сұрақтар талқыланады:
- ҚазҰМУ оқытушысы құзіреттілігінің моделі және оны жүзеге асырудың механизмдері;
- Кадрлық резервті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері;
- Адам әлеуетін дамытуға ықпал ететін уәждемелік және ынталандырушы факторларын енгізу тәжірибесі;
- Сапалы білім берудегі оқытушылар және студенттердің ортақ жауапкершілік мәселелері;
- Медициналық жоғары оқу орындары оқытушыларына қолайлы ғылыми-зерттеулік жағдай жасаудағы ҚазҰМУ тәжірибесі.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференция жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары мен медициналық колледждердің директорлары, денсаулық сақтау саласының өкілдері, ҚазҰМУ визитинг-профессорлары және серіктес жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысулары жоспарланған.
Конференция аясында медициналық және ғылыми әдебиеттердің көрмесі, постерлік сессия және WEB-сессия өткізіледі.
Мақалалар қабылданатын электрондық мекен-жайлар:
- «ҚазҰМУ Хабаршысы» (қыркүйек, 2015 ж.) журналына: [email protected]
- Постерлік сессияға ұсынылатын мақалалар: [email protected].
- WEB- сессияға ұсынылатын мақалалар: [email protected].
Конференцияның өткізілетін орны: Алматы қ., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Concordia» театры (Бөгенбай батыр көшесі 149, Масанчи көшесінің қиылысы).
Конференцияға қатысты толық ақпаратты http://kaznmu.kz веб-сайтынан көруге болады.
Байланыс өкілдері: Ізбасарова Гүлім, тел. 8 (727) 3387090 ішкі (7503)
Қаржаубаева Арай, тел. 8 (727) 3387090 ішкі (7517)
ҚазҰМУ Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті