Еліміздің медициналық ЖОО арасында ҚазҰМУ веб-порталы Webometrics Ranking of World Repositories әлемдік рейтингінде 4-ші орын иеленді
Webometrics Ranking of World Repositories 2017 жылға арналған жаз мезгіліндегі рейтинг нәтижелері бойынша ҚазҰМУ еліміздің медициналық ЖОО арасында бірінші орынды иеленіп, қазақстандық жоғары оқу орындар арасында әлемдік университет сайттары рейтингісінде ұзақ жылдар бойы біріншілікті сақтап келеді.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Webometrics Ranking of World Universities рейтингісінде Қазақстандағы ЖОО арасында төртінші орында. Ал әлемдік рейтингте 5188 орынды иеленіп отыр. Испандық Cybermetrics Lab зерттеу тобы құрастырған әлемдік рейтинг сол немесе өзге университеттің жаһандық интернет-кеңістігінде қаншалықты ұсынылғанын бағалайды. Осыған орай, ҚазҰМУ алты жыл бойы біріншілікті ұстап отыр.
Аталмыш рейтингте Қазақстандағы ЖОО арасында бірінші орында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, екінші орында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, үшінші орында Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.
Айта кетсек, оның алдында ҚазҰМУ Webometrics: Top Universities by Google Scholar Citations пен Ranking of web repositories рейтингтерінде үздік ондыққа енген болатын. Webometrics: Top Universities by Google Scholar Citations рейтингісі бойынша әлемдік ЖОО-ларға Google Scholar Citations деректер базасында әр университеттің ғалымдар топтарының дәйексөз алу көрсеткіштеріне байланысты орын беріледі.
Top Universities by Google Scholar Citations рейтингісінде ҚазҰМУ еліміздің ЖОО арасында 1022 дәйексөз санымен алтыншы орынды иеленді. Рейтинг авторлары университеттің ғылыми жұмыстарды қамтитын электрондық мұрағат бойынша бағалайды. Жұмыстар саны және дәйексөз алу көрсеткіштері есепке алынады.
Webometrics халықаралық рейтингісі жылына екі рет – қаңтар және шілде айларында шығатынын естеріңізге саламыз. Рейтинге әлемдегі 25 000 жоғары оқу орын сараланып, рейтингте 12 000 университет бойынша көрсеткіштер ұсынылады.
Рейтинг негізінде оқу орынның негізгі доменінің веб-деректерін ескеретін төрт критерий бар (әр критерийдің оның мәніне сәйкес келетін белгілі бір салмақтық коэффициенті бар): сайттың өлшемі, басқа ресурстардағы сілтемелер саны, академиялық сапа, ашықтық.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі