Университеттің Студенттік Үкіметінің есептік кездесуі өткізілді
2017 жылдың 8 қарашасында университетіміздің «Concordia» театрында барлық факультеттерінің 1-5 курс студенттерінің Университеттің Студенттік Үкіметімен кездесуі өткізілді. Кездесуде Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы Солтанай Жәнібек барлық студенттік ұйымдардың
2016-2017 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары туралы және 1 жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы студенттерге мәлімдеді. Сонымен қатар, «ГОСО 17», «Оқу-үрдісін жоспарлау», «Студенттерді бағалау жүйесі» ережелері түсіндірілген болатын. Студенттер арасында Университеттің Студенттік Үкіметі әзірленген «ҚазҰМУ студентінің ар-намыс кодексі» талқыға салынды. Кездесу соңы сұрақ-жауап форматында өткізіліп, Университеттің Студенттік Үкіметі барлық өзекті сұрақтарға жауап берді.