«Жемқорлықпен күрес – ортақ қоғамдық іс» атты дөңгелек үстел өтті
2017 жылдың қараша айының 30 күні « Қалыпты анатомия» кафедрасында «Бала емдеу» факультетінің 17-001-01 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес – ортақ қоғамдық іс » атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазіргі таңдағы белең алған жемқорлықты түп тамырымен жоюға қоғам болып атсалысу. Студенттерді қоғам мүшесі ретінде белсенділікке шақыру. Жемқорлық туралы студенттермен ой алмасу.
Дөңгелек үстел барысында бала емдеу факультетінің 17-001-01 топ студенттері Башанова Қ., Хамидуллаева Г., Шахмерден Л., Тулаева Г., өздерінің дайындаған баяндамаларын оқып, өз ойларымен бөлісті. Қатысушыларға осы тақырыпта кітапшалар таратылып, студенттердің өз шығармашылығынан туындаған плакаттар ұсынылды. Сонымен қатар, жемқорлық туралы отандық режиссерлердің видеороликтері көрсетілді. Әлімжан Г. және Мейірбекова А. студенттер арасында сұрақ – жауап жүргізіп, дөңгелек үстелдің өткізілу маңыздылығын түсіндірді.
Кеш соңында қонақтар өз ойымен бөлісіп, жемқорлық туралы ойланарлықтай мағлұмат алғандықтарын айтып, ұйымдастырушыларға рахметін айтты.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген болатын Елбасымыз.
Болашақ жас дәрігер, қоғамның бетке ұстар мүшесі, елін, жерін сүйетін азамат-азаматшасы ретінде еліміздің өркендеуіне кедергі келтіретін осы бір індетпен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып күресуіміз керек. Біз адам ақшаға қызмет ететін емес, қаржы адамға қызмет ететін қоғамды таңдаймыз!!!