Ата-аналар комитетінің кеңейтілген отырысы
2018 жылдың 09 ақпан күні Университеттің кіші конференц-залында барлық мектеп пен халықаралық медицина факультетінің Ата-аналар комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ата-аналар комитетінің мүшелері, стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректор, халықаралық медицина факультетінің деканы, мектеп декандарының орынбасарлары, жастар саясаты басқармасының қызметкерлері қатысты.
Отырыс С.Ж. Асфедияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті туралы бейнеролигінің көрсетілімімен басталып, стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Убайдилла Махамбетұлы Датхаев Университет құрылымында болып жатқан өзгерістер жайында қысқаша мағлұмат беріп, осы оқу жылынан бастап, Ата-аналар комитеті құрылғанын, оны құрудың мақсаты туралы айтып өтті. Отырыста Университет Ата-аналар комитеті мүшелерінің құрамы және 02.10.2017ж. күнгі ректордың № 556 бұйрығымен бекітілген Ата-аналар комитеті туралы Ереже таныстырылды, сонымен қатар, ағымдағы жылдың Университет Ата-аналар комитеті қызметінің жоспары қарастырылды. Әр мектептің Ата-аналар комитетінің мүшелері білім беру мен тәрбие үдерісін ұйымдастыруда және әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтар жөнінде бірлесе жүргізілетін жұмыстар бойынша өз ойларымен бөлісті.
Жалпы медицина мектебінің Ата-аналар комитетінің мүшелері: Алматы облыстық адвокаттар алқасының (коллегия) адвокаты Марат Төкенұлы Аскарбеков – Университет Ата-аналар комитетінің төрағасы, ал №83 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гульмира Лязатовна Нуспекова – Университет Ата-аналар комитетінің хатшысы болып Комитеттің 41 мүшелерінің ішінен көпшілік дауыспен сайланды.
Университет Ата-аналар комитетінің төрағасы М.Т. Аскарбеков көп жылдар бойы прокуратура органдарында әр түрлі лауазымдық қызмет атқарған, ҚР әділет министрлігінің орталық аппаратында кадрлар департаментінің бастығы, әділет министрінің кеңесшісі, ҚР қаржы полициясы агенттігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы болған.
Фармация мектебінің Ата-аналар комитетінің төрайымы – Майгуль Жалеловна Кизатова, ҚР ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университетінің профессоры, «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2008ж, 2015ж);
Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің Ата-аналар комитетінің төрайымы – Айнур Ермековна Токажанова, жеке кәсіпкер;
Стоматология мектебінің Ата-аналар комитетінің төрағасы – Жаксылык Жамашевич Утеуов, стоматолог-дәрігер;
Жалпы медицина Ата-аналар комитетінің төрайымы – Гульмира Лязатовна Нусипбекова, № 83 мектеп-гимназиясының мұғалімі, «Мәңгілік ел ұстазы», «Алаш ұстазы», «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерінің иегері;
Халықаралық медицина факультетінің Ата-аналар комитетінің төрайымы – Прити Гоял, денсаулық сақтау бойынша менеджер (Үндістан).
Отырыста Университет Ата-аналар комитетінің съезін ұйымдастыру туралы шешімге келді.
Жастар саясаты басқармасы
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/ата-аналар-комитетінің-кеңейтілген-о/