Бұрынғы фашизм тұтқындарының музейдегі кездесуі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар саясаты басқармасы ҚазҰМУ тарихи музейінің ұжымымен бірлесіп 2018 жылдың 21 ақпан күні халықаралық медицина факультеті мен жалпы медицина мектебінің «Педиатрия» мамандығы студенттерінің кәмелеттік жасқа толмаған бұрынғы фашизм тұтқындарымен кездесуін өткізді.
Келген қонақтар, Звоник Л.Л., Вайман А.А., Кузьмина З.Д., Медведева В.И., 2-7 жас аралығында аналарымен бірге Германия аумағына шығарылып, еңбек концлагерлеріне түскен кездегі өмірлері жайлы әңгімелеп берді. Құрдастарының көбісі суық пен аштықтан қайтыс болған, ал олар болса от жалынында шынығып, болашаққа деген таза жарқын сенімдерін жоғалтпай лайықты өмір сүруді үйренген.
Жас ұрпақтарға арналған сөздерінде, қадірлі қонақтар өмірді сүюге, қоғам үшін бейбітшілікті сақтауға, өмірге құштарлықты сақтай отырып, лайықты өмір сүруге, болашақ медицина саласының мамандары ретінде гуманизм және адамдарға деген жылулығы мен мейірімділігін бере отырып, қоғам үшін барлық жағдайды жасауға ат салысыңдар деген тілектерін білдірді.
Алматы қалалық кәмелеттік жасқа толмаған бұрынғы фашизм тұтқындары ұйымының төрағасы В.А. Артемьев, бүгінгі кездесуге келген қонақтар, 1945 жылы Совет армиясының жеңісі арқасында тұтқыннан толықтай азат етілгендеріне қарамастан, лагерде көрген барлық қиыншылықтары мен азаптары естерінен кетпейтінін және соған қарамастан, олар әлі де адами қатынастарда жасандылықсыз, қарапайым, мейірімді болып қала беретінін, ал қадірлі жандардың тағдыры кейінгі жас буынға өнегелі сабақ болуы керек деп өз ойын әсерлі түрде жеткізіп, түйіндеді.
Кездесуге стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректор Датхаев У.М., жалпы медицина мектебі деканының орынбасары, профессор Катарбаев А.К., Саятова А.С., Шынгысбаев Л.С., Жармаганбет Р.У. қатысты. Олар, бейбітшілікті сақтауда баға жетпес өлшеусіз қосқан үлестеріне ризашылықтарын білдіріп, қонақтарға денсаулық, өмірлеріне ұзақ ғұмыр тіледі.
Жастар саясаты басқармасы