«Жас Отан» жастар қанатының Бастауыш ұйымын ашу рәсімі өтті
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде 2018 жылдың мамыр айының 17-сі күні «Жас Отан» жастар қанатаның жиыны өткізілді. Күн тәртібінде «Жас Отан» ЖҚ Бастауыш ұйымын ашу және төрағасын тағайындау сұрақтары қарастырылды. Жиынға Сенбеков Мақсұт Тайырұлы – атқарушы проректор; Шыңғысабаев Лескен Сейдіғалымұлы – жастар саясаты басқармасының жетекшісі; Қасымов Дулат Доскелдіұлы – Алматы қаласы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы; Бөріхан Ерболат Абайұлы – ҚазҰМУ Білім алушылар Кәсіподақ ұйымының төрағасы және Алматы қаласы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, Университет белсенділері қатысты.
«Жас Отан» жастар қанатының ҚазҰМУ-да бастауыш ұйымын құрудың басты мақсаты – жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, азаматтық белсенділігін арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту, рухани-патриоттық санасын арттыру болып табылады.
Бастауыш ұйымының төрағасы «Жалпы Медицина» мектебінің белсенді студенті Тұрдықұл Дастан Ғалымұлы сайланды.
Жиын соңы Алматы қаласы «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелерінің университет ғимараттарына және де музейге саяхаты мен жалғасты.