«Біз жемқорлықты тоқтата аламыз!»
2019 жылдың 27-ші наурызында Ғылыми кітапханада «Біз жемқорлықты тоқтата аламыз!» атты пікірталас өтті. Дөңгелек үстел пікірталасына Университетіміздің Этикалық Кеңесі, Ғылыми кітапхана ұжымы қатысты.
Этикалық Кеңестің Төрағасы, профессор Ж.Ғ. Мұстафина кіріспе сөзімен іс шараны ашып, пікірталас өткізді. Сыбайлас жемқорлық туралы көптеген айқын мысалдар келтіре отырып, жемқорлықтың жоғарғы өкілетті орындардан бастап, білім беру жүйесінде де, сонымен қатар біздің университет қабырғасында да сыбайлас жемқорлық жағдайларға жол бермеу және оған қарсы жүргізілетін күрес шаралары жайлы айтып өтті. Ж.Ғ.Мұстафинаның сөйлеген сөзін қатысушылар аса қызығушылықпен тыңдады.
Г.А. Жамбулатова өз баяндамасында жемқорлықтың қоғамдағы қалыптасу себептеріне және оның қоғамдағы алатын орнына кеңінен тоқталды. Келесі кезекте, Г.Е.Ибраева, С.А. Елеукенова сыбайлас жемқорлық туралы тақырыбында баядама жасады.
Жемқорлыққа байланысты бейнеслайд, рефераттар, эссе, фотогалерея, видеофильм, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» кітап көрмесі көрсетілді.
Пікірталасты ғылыми кітапхана басшысы А.Б. Асанова қорытынды сөзімен аяқталды.