«Менің Туым» акциясына ҚазҰМУ студенттері де өз қолдауын білдірді
2019 жыл 13 қазанда Медеу мұз шатқалында еліміздегі ең үлкен Ту ілінген болатын. «Менің Туым» деген атау алған бұл акцияға С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті де өз қолдауын білдірді. Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, студенттердің патриоттық сезімін ояту мақсатында Тудың мән-маңызын түсіндіретін кемелі ойлар айтылған шағын жиын өткізілді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Туда бейнеленген аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелесе, Қыран – әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 екендігі айтылып өтті. «Менің Туым, Менің Отаным» патриоттық акциясын студенттер жылы қабылдап, «Көк Байрағымыз мəңгі желбіреп, Қазақстанымыз мəңгі жасасын!», – деп тарқасты.