«Салауатты тамақтану – денсаулық кепілі» атты интеллектуалды білім сайысы
20 қараша 2019 жылы Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс-залында Ұлттық Медицина Университетінің «Профилактикалық медицина курсымен Нутрициология» кафедрасының доценті Беисбекова А.К., ассистиенттер Ергешбаева Р.Б. және Сержанова Г.Н. ұйымдастыруымен және Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттерінің қатысуымен «Салауатты тамақтану – денсаулық кепілі» атты интеллектуалды білім сайысын өткізді. Аталған іс-шара университетіміздің жастар саясаты басқармасының жоспарына сай өткізілді.
Интеллектуалды білім сайысының мақсаты: 2019 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылы деп жариялады. Жас ұрпаққа қамқорлық әрқашан Елбасы саясатының басты бағыты болып келді. Ол өз сөзінде тәуелсіздік рухында өсетін жастар біздің болашаққа деген үмітіміз бен тірегіміз екенін баса айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Өзекті міндет – азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттердің еріктілік жұмыстарға қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру. Бұл біздің азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды бөлігі ». Зияткерлік пәндік олимпиада тәжірибе алмасуға және дамудың перспективалық бағыттарын анықтауға көмектеседі. Университеттің дәстүрлерін сақтау және жетілдіру, оның тарихын, символикасы мен құндылығын насихаттау.
Білім сайысына С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университетінің, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 3 курс, 17-001-1қ және 17-002-1қ топ студенттері мен аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 3 курс, 17 топ студенттері қатысты.
Аталған іс-шара «Профилактикалық медицина курсымен Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С., аға оқытушы Қожахметова А.Н. және аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен «Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина» кафедрасының меңгерушісі Мамырбекова С.А., және декан орынбасары Даниярова А.Б. қатысуымен өтті. Интеллектуалды сайыс жоспарланған бағдарлама бойынша жүргізілді. Сайынқа екі команда қатысты. Командалар жарысы таныстыру, ойлап тап, композиция және капитандар сайысы кезеңдерінен тұрады. Командаларды әділқазы алқасы белгіленген баллдармен бағалады. Әділқазылардың қорытынды шешімінен кейін, команда қатысушыларын номинация бойынша марапаттау жүргізілді. ҚазМУ келген қонақтар осы іс-шара аясында осындай басқосулар дәстүрге айналуына тілек білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С. барлық қатысушыларға табыстар тілеп, осы шара өтуіне белсенді қатысқандары үшін алғысхатпен марапаттады.