III зияткерлік олимпиаданың іріктеу кезеңі
2019 жылдың 28 қараша күні «Эндокриндік жүйе және қан жүйесі патологиясы» тақырыбында III зияткерлік олимпиаданың іріктеу кезеңі болып өтті. Аталған кезеңнің ұйымдастырушысы патологиялық физиология кафедрасы және Университтеттің студенттік үкіметі болды.
Олимпиадаға 8 команда қатысты. Бұл іс шараға қатысқан студенттер «Жалпы медицина» мамандығы, қазақ бөлімінің 3, 4 және 5 курсында оқиды. Командалар: «Men in White», «Дофамин», «Эритроцит», «Тромбоцит», «Абзал жандар», «Лидер», «Сancer» және «Natus Vincere» төменде көрсетілген сайыстың үш конкурсын орындауға міндетті болды:
- «Суреттер сөйлейді», олимпиадаға қатысушылар этиологиясы мен патогенезін түсіндіру арқылы клиникалық синдромды анықтауға тиіс болатын;
- «Клиникаға жол», онда медициналық практикада теориялық білімдерді қолдану арқылы командаға бір ситуациялық есепті (жазбаша түрде) 25 минут ішінде шешу ұсынылды. Студенттер ситуациялық есепке патофизиологиялық талдау жасап, өзгерістер мен синдромдарды клиникалық тұрғыдан көрсетуі тиіс.
- «Жүйріктер сайысы», мұнда студенттер берілген есепті шешуде өз білімдерін нақты және тез көрсетуге міндеттелді.
Іріктеу кезеңінің нәтижесіне сәйкес финалдық кезеңге 8 команданың ішінен тек 4 еуі жолдама алды. Қарсыластарынан айқын басымдықпен 52 балл жинаған «Дофамин» командасы жеңімпаз атанды. Олар 5 курс студенттері: Мұратов Арман, Жұмашова Меруерт, Елубаев Үсен және Ниязов Сардор. Керемет ойын көрсете білген 3 курс студенттері: Дауренов Улықбек, Дүйсенбек Ұлжан, Омарғали Қымбат және Ордабаева Айдана екінші орынға ие болды, ал, алдыңғы топпен салыстырғанда балл айырмашылығы бар болғаны бір баллға төмен (51 балл). Сондай-ақ финалға жолдама алғандар қатарында «Абзал жандар» (42 балла) және «Лидер» (28 балла) командаларында ойнаған 4 курс студенттері де болды. «Абзал жандар» командасының құрамында болған студенттер: Жумакулова Молдир, Манап Қарлығаш, Зекенова Ақерке және Какимова Мадина. Ал, «Лидер» командасының құрамында болғандар: Айтуар Балауса, Даулетбаев Қуанышбек, Темірғалиева Алия және Юсупова Махирям.
III зияткерлік олимпиаданың іріктеу кезеңі тапсырмаларының авторлары «Патологиялық физиология» кафедрасының доценті Толепбергенова М.Ж. және интерн Амангельдинов Ерлан болды.
Сайыс соңында III зияткерлік олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысқан студенттерге сертификаттар мен шағын сыйлықтар табыс етілді.