Жаңа короновирусты инфекция 2019 – nCoV вирусының алдын алу мен таралуы және медициналық көмекті ұйымдастырудың cтандарттары бойынша оқыту семинары
6.02. 2020 ж. «И. Жекенова атындағы жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы» клиникалық базада Алматы қаласының медицина қызметкерлеріне арналған, Жаңа короновирусты инфекция 2019 – nCoV вирусының алдын алу мен таралуы және медициналық көмекті ұйымдастырудың Стандарттары бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинар С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ іс-шаралар жоспары бойынша жүргізілді.
Дәріс оқығандар: жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Егембердиева Р.А., доценті Байекеева К.Т.
Семинарға 162 тыңдаушы қатысқан, оның ішінде медицина мекемелерінің басшылары – 3, жедел жәрдем және қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері 134, БМСК, КДО дәрігерлері, пульмонологтар 22, емханалар мен ауруханалардың инфекционистері мен эпидемиологтары, реаниматологтар 3.
Семинарды өткізу барысында тестілеу жүргізілген (тестке дейін және тесттен кейін). Тестке (тест алды) 142 тыңдаушы қатысқан (дұрыс жауап пайызы 68%), тесттен кейінге тестілеуге 126 тыңдаушы жауап берген (дұрыс жауап пайызы – 88%).
Дұрыс емес жауаптар сарапталған. Көбіне олар ұйымдастыруға байланысты сұрақтар болған.
Жеке қорғану құралдары көрсетілді.