Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша елімізде ағарту мен тәрбие жұмыстарына үлкен мән берілуде, соған байланысты университетте сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік саясаты жүргізіліп, білім алушылар мен оқытушылар академиялық адалдық қағидаларын ұстанып, жүйелі түрде іс-шаралар өткізіліп тұрады.
2020 жылы 20 ақпан күні университет тәлімгерлер кеңесінің ұйымдастыруымен білім алушылар мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалы «Құқықтық мәдениет, қоғамда сыбайлас жемқорлықты төмендетудің негізгі талабы ретінде» тақырыбында аға тәлімгерлер мен тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасарларына арнап семинар өткізілді. Семинардың модераторы «Жаңару» РҚБ Алматы қаласы филиалының директоры Ускенов К.К. болды.
Семинарды корпоративтік даму жөніндегі проректор Датхаев У. ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыссөзде «Ұлттық медицина ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Садыкова А. «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес медициналық қоғамдық бірлестіктердің рөлі» тақырыбында толықтай шолу жасап өтті. Ал ҚазҰМУ «Медициналық құқық» кафедрасының лекторы Байтекова К. «Азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету құралы ретінде» тақырыбында баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуге бағытталған белгілі бір құндылықтық қағидаттар мен қабілеттерге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке назар аударды.
Қазақ-Британ техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры Камалиденова А. және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық штабының басшысы Балгимбаев С. тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
Комплеанс-офицер Тельтаев Б. университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ақпаратпен бөлісті.
Семинарға сонымен қатар «Жаңару» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалы кеңесінің мүшелері де белсенді қатысып отырды.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдық пен әділдіктің, парасаттылық пен қайырымдылықтың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге тиіспіз, ал болашақ дәрігерлер үшін бұл қасиеттер өте маңызды.
Осындай кездесулер тәлімгерлер кеңесінің мүшелеріне жоспарланған іс-шаралардың сауатты өткізілуіне көмектеседі деп ойлаймыз.
Университет тәлімгерлер кеңесі