«Шипагерлік баян – Қазақ медицинасының қайнар көзі» атты дөңгелек үстелі
2020 жылдың Наурыз айының 6-жұлдызында сағат 10:00-13:00 аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті (Алматы қаласы, Төле би көшесі 88, ҚазҰМУ, ТДО (ЦПН) ғимаратында «Рухани жаңғыру», «Мәдени мұра» мемлекетік бағдарламалары және С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 90-жылдығы аясында ұйымдастырылған «Шипагерлік баян – қазақ медицинасының қайнар көзі» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Шипагерлік баян» кітабы және оның осы заманғы қазақ медицинасындағы рөлі. Сонымен бірге, аталған тарихи еңбекті зерттеуге қатысты тың деректерді жариялау, көне қазақ емшілігінің өткені мен бүгіні және болашағы туралы талқылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды ұсыну.
Дөңгелек үстел аясында Шаяхмет Қалиұлының «Шипагерлік баян негізіндегі ескірген сөздердің түсіндірме сөздігі» кітабінің таныстырылымы және Халықаралық ақпарат тану акедемиясы Шаяхмет Қалиұлына Академик куәлігінің тапсырылуы өтті.
Дөңгелек үстелге медицина саласы ғалымдары мен ардагерлері, құзырлы мекемелердің басшылары, әр сала қайраткерлері, журналистер, зерттеушілер және студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті, Фармацияның басқарылуы, ұйымдастырылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы, «Шипагерлік баян» зерттеу орталығы.