ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің ҚР Конституция күнімен құттықтауы
Құрметті достар!
Сіздерді мемлекеттік мерекеміз – ҚР Конституциясы Күнімен құттықтаймын!
Конституция – еліміздің тұрақты дамуының, өркендеуінің, әр қазақстандықтың құқығы мен бостандығының негізгі. Ол біздің Ата заңымыз.
Ата Заңды ардақтау – жарқын болашаққа ұмтылған мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы болмақ. Бірлігі жарасқан еліміз аз уақытта ғана дәулеті тасыған алып мемлекетке айналды. Осы жетістіктеріміздің барлығының негізгі діңгегі – Конституциямыз.
Биыл Ата Заңымыздың 25 жылдығы тойланып отыр. Ел іргесі аман, абыройы асқақ, егемендігіміз еңселі, келешегіміз кемел болсын!
Сіздерге бейбіт өмір, зор денсаулық, еңбегіңізде табыс пен жетістік тілеймін!