«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ студенттеріне ақылы негізінен грант негізінде оқуға ауыстыру байқауы
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ ақылы негізінде білім алушыларға, жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына (Қосымша 1) қатысуға тілек білдірушілер 2020 жылдың 14 желтоқсаны мен 31 желтоқсан дейін білім беру гранты бойынша оқуға өтініш беруі қажет:
– ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (құжаттарды деканатқа тапсыру қажет);
– «Сириус»-тағы жеке кабинеті арқылы «Білім грантына өтініш беру» қосымшасынан өтініш беру.
– Деканаттар КеАҚ «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» канцеляриясынан студенттердің өтініштеріне тіркеу нөмірін алып Тіркеуші кеңсе басқармасына өткізсін.