Ата-ана моделі мен ата-аналық потенциал
16 ақпан 2022 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де жалпы медицина -1 мектебі, жастар саясаты басқармасы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Т. Шарманов Даңқ Залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында «Ата-ана моделі мен ата-аналық потенциал» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны алғы сөзбен университетіміздің корпоративтік даму жөніндегі проректоры Датхаев Убайдилла Махамбетұлы мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ғылыми және білім беру саласымен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Қасыметова Бахытгүл Техниковна ашып берді. Олар өз кезегінде бұндай іс-шаралардың студенттерге берер тәрбиелік және өнегелік маңызы үлкен екендігін айта кетіп, оның жемісті өтуіне сәттілік тіледі.
Шабденова Айжан Базархановна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану бойынша PhD, Миажден Сайра Адилбекқызы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті, тарих ғылымдарының магистрі қазіргі өзекті мәселелердің бірі жастардың отбасын құруы мен оның жопарлауы туралы ақпарат беріп, Ата-ана моделі мен ата-аналық потенциал жайлы елімізде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, қоғамның өзекті мәселелерінің бірі отбасы жөнінде пікір алмасты.
Бегимбетова Гульшат Алтаевна, қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты, «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, тәрбиелеу жайында өз тәжірибесімен бөлісті.
Спикерлер студенттердің қойылған сұрақтарына жауап беріп, пікірлесті.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Нагайбаева Зауреш Арстамбековна дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар Жармағанбет Рымкеш Уахитқызы мен Мәлік Ғалым Алауидинұлына және қатысқан қонақтарға алғысын білдіре отырып, студенттерге айтылған ақпараттарды болашақ отбасын құруда көмегін тигізетініне үміттенетінін жеткізіп, қорытындылады.
Жастар саясаты басқармасы,
Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасы