ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов медицина қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов медицина қауымын медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.
Бүгін кәсіби мерекесін 260 мыңға жуық медицина маманы атап өтуде, оның ішінде 75 мыңнан астамы дәрігер мен 185 мыңға жуық орта медицина қызметкері.
«Медицина қызметкерлері – еліміздің стратегиялық ресурсы. Коронавирустық пандемия кезінде ақ халатты абзал жандар өз денсаулығына, өміріне төнген қауіп-қатерге қарамастан алдыңғы қатарда тұрды. Дәрігерлер үшін ауруханалар нағыз ұрыс алаңына айналды. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі – мыңдаған қазақстандықтардың құтқарылған өмірі.
Сіздерге еліміздің игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры.