ҚазҰМУ ректоры дәрігерлерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов жиналған қауымды кәсіби мерекесімен құттықтады. Іс-шара аясында ведомстволық және кәсіби наградалар табыс етілді.
Құрметті ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!!!
Сіздер жоғары кәсібилікті, еңбексүйгіштік пен өзін толық арнауды, ең бастысы – сезімталдық пен жанашырлықты талап ететін ең ізгі және асыл мамандықты таңдадыңыздар.
«Медицина қызметкерлері – еліміздің стратегиялық ресурсы. Қазіргі таңда Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер мен 185 мың орта медициналық қызметкер аянбай еңбек етуде.
Коронавирустық пандемия кезінде ақ халатты абзал жандар өз денсаулығына, өміріне төнген қауіп-қатерге қарамастан алдыңғы қатарда тұрды. Дәрігерлер үшін ауруханалар нағыз ұрыс алаңына айналды. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі – мыңдаған қазақстандықтардың құтқарылған өмірі.
Сіздерге тағы бір мәрте еліміздің игілігі үшін барлық күш-жігерін арнаған қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін.
Біз 2019 жылдан бері медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жұмыстарын бастадық. Біздің басты міндетіміз 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасын 2,5 есеге дейін жеткізу, ол орта есеппен 560 мың теңгені құрайды.
Бүгінгі күннің сын-қатерлері медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін тұрақты түрде арттыруды, медицина қызметкерлерін ынталандырудың келесілерді қамтитын кешенді жүйесін енгізуді талап етеді:
1) кәсіби даму үшін тең мүмкіндіктер;
2) әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандарты;
3) медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды енгізу
Бұл жағдайлар денсаулық сақтаудың негізгі миссиясы – медициналық қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және азаматтардың сенімін қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылады. Біз үздіксіз медициналық білім беруге жеке қызығушылықты ынталандыруымыз қажет.
Осыған байланысты еліміздің кәсіби қауымдастықтары мен жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының рөлін жандандыру өте маңызды. Денсаулық сақтау жүйесінің міндеті – еліміздің және әлемнің жетекші орталықтарында енгізілетін технологиялар республиканың барлық өңірлеріндегі халық үшін қолжетімді болуы қажет.
Президенттің тапсырмасы бойынша мұғалім мәртебесіне ұқсас Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері атағын енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді. Бұл біздің мамандықтың абыройы мен беделін арттыру үшін маңызды қадам.
Дәрігер мамандығы кез-келген басқа басқа мамандықтар сынды қателіктерден қорғалмаған.
Халықаралық тәжірибеде медицина қызметкерлері жоғары құрметке ие және кәсіби жауапкершілігі міндетті сақтандыру жүйесімен қорғалған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін сақтандыру компанияларының өтемақы төлеу, сондай-ақ қақтығыстар мен дауларды сотқа дейінгі медиативтік реттеу мүмкіндігімен медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілуге тиіс.
Құрметті әріптестер – сіздер өз мамандығына жан-тәнімен берілген, жаны ізгі, жүрегі кең жансыздар. Барлық тәжірбиесі сала дәстүрін сақтап, мамандардың жаңа буынына үлгі ететін осы саланың ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын.
Қымбатты достар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, Сіздерге және жанұяларыңызға денсаулық, бақыт, табыс, бірлік және барлық игілікті тілеймін!».
ҚазҰМУ ректоры ертеңгі күннің дәрігерлерін даярлау ҚазҰМУ дамуының басымдығы болуы қажет екенін атап өтті. Ол университет ғылым мен практикадағы білім берудің үштұғырлылығын күшейтуді, ғылыми білімді практикалық бекіту үлесін арттыруды, ПОҚ қызметкерлері мен студенттерді оқыту жағдайларын жақсартуды жалғастыратынын атап өтті.