ҚазҰМУ-да қазақтың біртуар ұлы С.А.Асфендияровты еске алу іс-шарасы өтті.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қазақтың біртуар ұлы Санжар Жапарұлы Асфендияровтың атын алып жүрген көшбасшы жоғары оқу орны. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша С.Ж.Асфендияровтың 20-шы қазан туған күнінен бастап университетімізде жыл бойына 1 курс студенттерін мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірімен, қызметімен жақын таныстыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі ағымдағы 2022 жылдың 2-ші қарашасы күні өткен С.Ж.Асфендияровты еске алу іс-шарасы. Аталған іс-шараға ұйымдасқан түрде Тәрбие ісі бөлімі, ҚазҰМУ мұражайы, Әскери кафедра, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты. Қатысушылар ректорат фойесінде орналасқан қайраткердің бюстіне гүл себетін қойып, ары қарай ҚазҰМУ мұражайында өтетін іс-шараға қарай өтті. Мұражайда студенттер қайраткердің өмірі жайлы түсірілген деректі фильмді тамашалап, өз өнерлерін көрсетіп, мұражайдағы экспонаттармен танысты.
Осы бағытта өтетін іс-шаралар өткен күннің тарихын тануда, бұдан әрі де жыл бойына жалғасын табатын болады.
Тәрбие ісі бөлімінің бас
маманы С.А.Апсаттарова