«Самарқанд-2020» III Халықаралық пән олимпиадасы өз мәресіне жетті!
16-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Самарқанд Мемлекеттік Медицина Университетінде студенттердің III Халықаралық пән олимпиадасы болып өтті. Халықаралық олимпиада 35 пән бойынша Өзбекстан, Қазақстан, Түркия, Тәжікстан, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызыстан, Украина, Беларусь мемлекеттерінің медициналық жоғары оқу орындарының арасында өткізілді. Бұл олимпиадада 3000-нан астам студенттер қатысты.
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университетінен Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» мектебінің 3 курс студенттері Қалмаханов Айбар Пердеғаниұлы мен Абдикадырова Алуа Абдыкадыровна қатысты. Олимпиада шарты бойынша 1 турда тесттен 70 ұпайдан жоғары жинаған студенттер ғана 2 турға қатыса алады. Біздің студенттер 1 турдан жақсы нәтиже көрсетіп, 2 турға жолдама алған еді. Екінші тур фармакология пәні бойынша теориялық сұрақтар, ситуациялық есептерді шешу және тәжірибелік дағдылар бойынша болды.
III Халықаралық «Самарқанд-2020» пән олимпиадасының фармакология секциясы қортындысы бойынша Қалмаханов Айбар Пердеғаниұлы (жетекшісі: фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог Молайханов Шохмурод Анарханович) III орын иеленді. Ал, Абдикадырова Алуа Абдыкадыровна «Самый эрудированный участник» номинациясын жеңіп алды. Халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Студенттерді олимпиадаға дайындауға атсалысқан профессор Кадырова Диляра Мулдашевна, ассистент Молайханов Шохмурод Анарханович және кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сатбаева Эльмира Маратовнаға шексіз алғысымызды білдіреміз! Жеңіс құтты болсын!