«ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ЖЕТІСТІКТЕРІ
«Жыл үздігі – 2022» республикалық байқауының жеңімпазы А.Т.Мұсаев – РФ және ҚР медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Денсаулық сақтау үздігі, ҚР ЖОО-ның екі мәрте үздік оқытушысы, университеттің клиникалық кафедрасының үш мәрте үздік профессоры, республикалық және университеттік ғылыми гранттардың жетекшісі ҚазҰМУ – дың алтын медалімен және «Алматы Марафоны-2021» жүлдегері, 10 км қашықтықта жүгіріп 3-орын алды.
Профессор А.Т.Мұсаев 2022 жылы дені сау және еңбекке қабілетті болып қалуды үлкен жетістік деп санайды. Денсаулық – үлкен жетістік пен байлық. Ағымдағы жылы Scopus негізінде рецензияланған журналдарда 5 мақаласы жарияланды, оның ішінде 2 мақаласында Q1 және Q2 квартиль бар. Ғылыми грант – докторанттар, магистранттар және студенттер ППҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысы орындалатын ғылыми-білім беру бағдарламасы болып табылады. Грантсыз докторанттарға зерттеу жұмыстарын жүргізу қиын, өйткені арнайы зертханалық зерттеулерді орындау үшін бірнеше миллион теңге тұратын реактивтер қажет. Әрбір докторантта мұндай қаражатты төлей алатын мүмкіндік жоқ. Ғылыми грант шеңберінде докторантураға оқуға түсу және ғылыми жетекші болу – биылғы жылдың жетістіктерінің бірі болып саналады.
Биылғы жылы COVID-19-ға қарсы күресте Алматы қаласының тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерімен шарт жасалды. COVID-19 пациенттері үшін жоба шеңберінде 21 млн теңге сомасына отандық өндірістің құнды табиғи өнімі болып табылатын арнайы зертханалық талдаулар мен сублимацияланған саумал тегін ұсынылатын болады. Бұл ППҚ мен докторанттардың, зерттеу мәртебесі бар ҚазҰМУ студенттерінің тәжірибелік денсаулық сақтау қызметкерлерімен ынтымақтастығын білдіреді.
Университеттің жұмысы мен мәртебесін жақсарту жоспарында биыл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына қатысамыз. Кейіннен ғылыми-білім беру бағдарламасының негізінде Жоба шеңберінде PhD дәрежесін алу үшін докторантураға шетелдік дәрігерлерді тарту жоспарлануда. Шетелдік білім алушыларды университетке тарту тек бакалавриат есебінен ғана емес, сонымен қатар, магистратура және докторантура есебінен де болады. Бұл университеттің халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі арттырады.
ҚазҰМУ қызметкерлері «Жыл үздігі – 2022» республикалық байқауының жеңімпазы профессор Әбдуғани Тәжібайұлы Мұсаевты құттықтайды.