С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тиімді өзара әрекеттесу мақсатында Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қою барысында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, бұл үшін қажетті ұйымдастырушылық және қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау шаралары талқыға салынды. Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі:
Білім
* Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сарапшыларының қатысуымен бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау және келісу;
* бірлескен бағдарламаларды, сертификаттау курстарын, біліктілікті арттыру курстарын және тағы басқаларды дайындау.;
* тәлімгерлік бағдарламаларды дамыту.
Тәжірибе
* жоғары курс студенттері мен оқытушыларына практикалық семинарлар өткізу;
* студенттер, магистранттар және докторанттарға тәжірбие жүргізуге жәрдемдесу;
* профессор-оқытушылар құрамға медицинада біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша көмек көрсету.
Зерттеу
* гранттарды бірлесіп қаржыландыруды қамтитын бірлескен зерттеулер жүргізу;
* халықаралық журналдарда бірлескен зерттеу нәтижелерін жариялау;
* магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік ету;
* тараптардың әрқайсысының зерттеу мақалалары мен білім беру ақпараттарына онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету.