Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Университеттерді басқару және дамыту бойынша стратегиялар» атты семинар өтті
Австралия мен Азия құрлығындағы беделді оқу орындарының басшылары Қазақстан университеттерін маркетингілеу, Азиялық аймақтағы жоғары білім беруді өзгерту мәселесін талқылады. Әлемдік университеттер құру саласында тәжірибе алмасып, еліміздегі жоғары оқу орындарының жетекші 700 университеттер қатарына кіру жайы да сөз болды. Ел Президенті «100 нақты қадам» жоспарының 78-ші тармағында «Жоғары оқу орындардың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейтуді» міндеттеген. Білім-ғылым саласын халықаралық жүйеге икемдеу де басты назарда.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
Қазақстан телеарнасы