С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде травматологтар тапшылығы қалай шешіліп жатқаны жөнінде айтты
Травматология – медицина саласының ең күрделі және сонымен бірге ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Қазақстанда бұл мамандарды анестезиологтармен және хирургтармен тең дәрежеде дайындау қажеттілігі бірнеше рет жоғары деңгейде айтылды.
Бүгінде елімізде 1339 травматолог еңбек етеді, оның ішінде 1222 адам тікелей клиникалық жұмыспен айналысады. Бұл ретте, тек 122 маман ауылдық жерлердегі науқастарды емдейді. Қазір еліміздің ішкі аймақтарында травматологтар тапшылығы өткір тұр, – деді Қазақстанның травматологтар мен ортопедтер қауымдастығының вице-президенті, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедрасының меңгерушісі Қанат Тезекбаев.
«Ауылдық жерлерде травматологтар тапшылығы бар, Республикалық маңызы бар ірі қалалар травматологтармен 100% қамтамасыз етілген. Кейбір емханаларда жетіспеушілік бар, бірақ стационарларда мамандар жеткілікті», – деді ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі. Травматологтар тапшылығы мәселесін толық шешу үшін бірінші кезекте мемлекеттің қолдауының арқасында білім беру мемлекеттік гранттарының саны артып келеді. Қазірдің өзінде Қазақстанның жетекші медициналық университетінің кафедрасында резиденттер даярлануда, олар жуық арада шалғайдағы ауылдардағы емханалар мен ауруханалар дәрігерлерінің қатарын толықтыруға барады.
«Бүгінгі таңда университетте 39 ортопедиялық травматолог резидент білім алуда. Менің ойымша, бұл жақсы көмек болмақ. Олар оқу аяқталысымен аймақтарға барады. Бізде травматологтар жетіспейтін облыстардың әкімдіктерінің гранттары бойынша білім алып жатқан резиденттер өте көп. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Орал облыстарынан гранттар бар, бірте-бірте университет травматолог-ортопедтермен қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда», – деп атап өтті Қанат Тезекбаев.