Наурыз – барша қазақ елінің ортақ той думаны
Наурыз -достық пен еркіндіктің мерекесі.
Наурыз – қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып табиғат – Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ. Наурыз күні тілек тілеп, әр үйге Қыдыр ата келіп, өзімен бірге молшылық, жақсылық ала келеді.
Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әулі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе – ренештерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысатын күн.
Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойымыз құтты болсын!