Қазақ ұлттық медицина университеті Халықаралық ескерткіштер күнін атап өтті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық мерекесі атап өтілді. Ондаған жылдар бойы жоғары оқу орны Қазақстанның ұлы тұлғалары туралы жәдігерлерді сақтап келеді. ҚазҰМУ бас ғимаратының өзі негізін қалаған Санжар Асфендияров пен қазақстандық медицинаның басқа да ізашарларының рухын сақтап келген сәулет ескерткіші болып табылады.
1930 қиын-қыстау жылдары олар қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының өсуіне қол жеткізіп, өлім-жітімді азайтып, көптеген ауруларды жеңіп, заманауи қазақстандық медицинаның негізін қалады. Ұлы Отан соғысы жылдарында институттың 1500-ден астам түлектері, студенттері, оқытушылары майданға аттанды. Біз өз қаһармандарымызды мақтан тұтамыз, әр түлектің көз алдында Мәншүк Мәметова мен Владимир Иваниловтың зор үлгісі бар. Қазақ ұлттық медицина универсиетінде олардың ерліктері туралы естеліктер сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
«Амнезия көпшілікке таныс медициналық термин. Жады жоқ адам өзі үшін қорқынышты. Ал, өткені жоқ тұтас ел бүкіл адамзат үшін қорқынышты. Өткеннің қателіктерінен сабақ алып, олардың бай тәжірибесін қазір пайдаланудың маңызы зор. ҚазҰМУ мұражайы медицинаның зор жетістіктерін, университет оқытушыларының қазақстандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесін естен шығармайды. Ұстаздар мерекесіне орай, ҚазҰМУ-дың барлық профессорларының есімдерін сақтайтын университетіміздің оқытушыларына арналған «Ұстазым» мемориалына гүл шоқтарын қойып, тағзым жасаймыз. Әр ұлы есімнің артында тұтас дәуір жатыр», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.