Х. Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Х. Досмұхамедұлы – ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференция
2023 жылдың 28 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атыңдағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұйымдастыруымен Х. Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Х. Досмұхамедұлы – ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясы өтеді.
Конференцияға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Басқарма төрағасы – Ректоры М.Е. Шоранов, ҚР ДСМ аппарат басшысы, Терминологиялық комиссия төрағасы Б.С. Әбділдин, ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы, Терминологиялық комиссиясының хатшысы А.А. Алдонғарова, Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті, ф.ғ.д., Ғ.Әнес, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ф.ғ.к., доцент А. Мектеп-тегі, Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессоры, Халелтанушы, п.ғ.к., Ғ.Б.Базарғалиев, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д., профессор А.Ф. Фазылжанова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қ.К. Шалабаев және ҚР жоғары және арнайы орта медициналық оқу орындары оқытушылары, ҚР ДСМ салалық терминологиялық комиссиясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, өңірлік салалық терминологиялық топтардың мамандары, лингвист-ғалымдар, практикалық мамандар және медицина саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер қатысады.
Конференцияда мамандығы дәрігер бола тұра, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы Х. Досмұхамедұлының ғылымның дамуына қосқан айрықша еңбегі мен ғылыми еңбектерінің маңызы талнады, медициналық жоғары және арнайы орта оқу орындарында мемлекеттік тілде білім беру сапасын жақсарту, медициналық терминдерді біріздендіру мәселелері қарастырылады.
Конференция аралас түрде өтеді (онлайн – оффлайн), конференцияға қашықтықтан қатысуға болады. Конференция: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Өтетін күні мен уақыты: 2023 жыл 28 сәуір, сағат 9.00 – 17.00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, Ректорат, Т. Шарманов Даңқ Залы
Ұйымдастырушылар:
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Терминологиялық комиссиясы;
- Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары департаменті;
- Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі;
- Жалпы медицина мектебі – 1.