Қазақ ұлттық медицина университеті түлектерінің қауымдастығы қызметінің даму және трансформация векторын анықтады
Бүгін Қазақ ұлттық медицина университетінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектерінің қауымдастығы өкілдерінің университет басшылығымен кездесуі өтті. Күн тәртібінде қауымдастықты дамыту және трансформациялау мәселелері қаралды.
Белгілі болғандай, Қазақ ұлттық университеті өзінің бай тарихында 100 мыңнан астам жоғары білікті медицина мамандарын даярлаған. Бүгінде олардың көпшілігі денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық қызметтер атқарады, саяси, қоғамдық ғылыми қызметпен айналысады, сонымен қатар бизнес саласында табысқа жеткендері де жетерлік. Түлектер қауымдастығының міндеті – жұмыс барысын үйлестіру, жас мамандарға көмек көрсету және тағы басқалар үшін барлық түлектерді біріктіру.
Бүгін Қауымдастықтың мүшелері бірлескен жұмыс барысын талқылады, Түлектер қауымдастығының президиум мен құрметті мүшелерінің құрамын келісіп, қауымдастық қызметін жүзеге асыратын атқару комитетінің құрамын бекітті. Сонымен қатар, түлектер қауымдастығы мен ҚазҰМУ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Түлектер қауымдастығының президенті Датхаев Убайдилла Махамбетұлы Қауымдастықтың даму векторы мен алға қойған мақсаттарын таныстырды. Кездесуге қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді, түлектер қатарына қабылдау тәртібі, Қазақстанның барлық өңірлерінен және елден тыс түлектермен белсенді өзара әрекет жасау мәселелер қозғалды.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов осындай ұйымдардың халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, түлектермен жұмыста шетелдік жоғары оқу орындарының үздік тәжірибелерін ғана енгізуді ұсынды.