«Жобаларды гибридті басқару» тақырыбындағы семинар тренинг
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында университет мектептерінің/факультеттерінің декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін «Жобаларды гибридті басқару» тақырыбы бойынша оқу аяқталды.
Курстың мақсаты: қызметкерлерді білім беру үдерістерін жобалық басқаруды іске асыру әдістеріне оқыту.
Сабақтар теориялық және практикалық оқытуды қамтитын модульдер бойынша өтті. Курс қатысушылары «Жобалық басқару арқылы инклюзивті білім беруді имплементациялау» практикалық кейсінде классикалық жобалық басқаруды, жобаларды басқарудың икемді әдістерін, басқарудың негізгі принциптерін, жұмыс процестерінің ашықтық әдістеріне шолу, жоба тәуекелдерін басқару және т. б. пысықтады.
Семинар-тренингке қатысушыларға сертификаттау академиясының сертификаттары табысталды.