Медициналық білім берудің міндеттері және келешекте дамуына арналған тамыз конференциясы
Құрметті әріптестер!
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Сіздерді университеттегі медициналық білім берудің міндеттері және келешекте дамуына арналған жыл сайынғы Тамыз конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция аясында бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау факторы ретіндегі ғылым, инновациялық технологияларды, білім интернационализациясын келешекте дамыту мәселелері қарастырылады.
Пленарлық мәжіліске мамандарды даярлау сапасына тәуелсіз баға беретін жұмыс берушілердің қатысуы жоспарланып отыр.
27 тамызда сағ. 1400-ден кейін оқу департаменттері оқытушылармен кездесіп, алдағы оқу жылының жұмыс жоспарын талқылайды. 28 тамызда оқу үдерісін ұйымдастыру, кадрлық әлеуетті дамыту, оқу үдерісінің сапасын арттыру және тәрбие жұмыстары бойынша тақырыптық семинарлар өткізіледі.
Қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 27 тамызында сағ. 900 -ден 1000 -ге дейін «Concordia» театрында өткізіледі.
Мекен –жайы: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш. 149, Масанчи көш. қиылысы.
ОӘЖД