ХАБАРЛАНДЫРУ
Фармация мектебінің деканаты 2024 жылдың 15 наурызы мен 1 сәуірі аралығында «Студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы бойынша В085 – Фармация мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттері арасында Ташкент фармацевтикалық университетінде 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде өндірістік және оқу іс-тәжірибесінен өтуге конкурс өткізеді.
Байқауға В085-Фармация мамандығының барлық 3 курс студенттері қатыса алады.
Фармация мектебінің деканатына келесі құжаттарды 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін тапсыру қажет:
- Деканның атына өтініш
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Шетелдік төлқұжаттың көшірмесі
- Транскрипт түпнұсқа
- Ата – аналардың келісім хаты
- Портфолио (дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар, жарияланған тезистер мен мақалалар).
Толтырылған портфолио Фармация мектебі деканатының 3 курс бойынша бас маманы Дүйсенбек Шынар Қайсабекқызына ұсынылуы қажет.
Фармация мектебінің деканаты