«Сіздің денсаулығыңыз үшін!»
«Сіздің денсаулығыңыз үшін!»
2011- 2015 жылға арналған «Саламатты Казахстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі – профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, диагностиканы жетілдіру,негізгі қоғамдық маңызы бар ауруларды емдеу және реабилитация жасау.
Осы бағдарламаға негізделе отырып 2015 жылдың 20-21 каңтарында жалпы медицина факультетінің SC «Excelsior» командасы № 191 Ғабиден Мұстафин мектебінде «Сіздің денсаулығыңыз үшін!» атты тегін медициналық тексеру өткізді. Аталған шараның құрметті қонағы атақты дәрігер, профессор ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі Мұстафина Жанар Ғабиденқызы болды.
Осы бағдарлама аясында 1-11 сынып оқушылары арасында асқорыту, тынысалу, жүрек-қантамыр, эндокрин, зәршығару, көз көру жүйелерін тексеру өткізілді.
Аталған шара аясында келесідей қорытындылар жасалды:
№ 191ші Ғабиден Мұстафин мектебінің оқушылары арасында 349 оқушы асқазан-ішек жүйесінің ауруларының басымдығы анықталды. Бұл көрсеткіш бірінші орында болса, ал екінші орында жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, үшінші орында эндокриндік жүйе аурулары байқалды.
Оқушылардың денсаулығын сақтауда олардың өздерінің және ата-аналарының денсаулықты сақтау туралы білімінің аздығы едәуір рөль ойнаса, басқа жағдайларда қоршаған ортаның зиянды факторлары әсер етеді.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы – келешек қоғамымыз бен еліміздің маңызды көрсеткіші екенін ұмытпағанымыз жөн.
Мектеп оқулышары және олардың ата-аналары, сонымен қатар мектеп әкімшілігі ҚазҰМУ студенттерінің ұйымдастырған шарасына өз ризашылықтарын білдірді. Жалпы медицина факультеті студенттерінің жобасы әлі де жалғасады.