С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылым-технологиялық парктің бос лауазымына орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Вакантты лауазымның атауы: Ғылым-технологиялық парктің Технологияларды коммерцияландыру орталығының Бас маманы — 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– Жоғары білім.
– Технологияларды коммерцияландыру саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Келесі дағдылардың болуы қажет:
– Университеттің ғылым-технологиялық технопаркі қызметіне байланысты салалардағы нарықты және үрдістерді білу, хабардар болу.
– Интеллектуалдық меншік портфелін басқару, оның ішінде патенттер мен сауда белгілері өңдеуді білу.
– Интеллектуалдық меншікпен жұмыс істеу дағдылары, оның ішінде патенттеу, лицензиялау және авторлық құқықты қорғау.
– Мемлекеттік тілді және ең танымал шетел тілдерінің бірін мамандық бойынша мемлекеттік (шетел) тілін тиімді қолдана алатындай кәсіби деңгейде білу, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу.
– Потенциалды инвесторлармен және серіктестермен өзара әрекеттесу үшін коммуникативті және келіссөз жүргізу дағдылары.
– Жаңа зерттеулер мен жобалардың коммерциялық әлеуетін бағалау үшін аналитикалық дағдылар.
– QazInnovations, Ғылым қоры және т.б. жұмыс тәжірибесінің болуы жоғары бағаланады. Инновациялық жобаларға сыртқы қаржыландыруды тарту тәжірибесінің болды қошталынады.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.