ҚазҰМУ Халықаралық факультет студенттері балалар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
2024 жылғы 20 мамырда С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ халықаралық факультеті Алматы облыстық № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Komek 2024» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, оның демеушілері «Indasia Global» , «PSP International» , «GEM International» , «Сentral Аѕіа Education Company», «Golden Ray» ЖШС болды.
Балалар үйі басшылығының келісімімен олардың тәрбиеленушілері үшін түрлі сыйлықтар сатып алынды: кішкентай балаларға арналған ойыншықтар, жасы үлкен балаларға арналған дамытатын ойындар, азық-түлік, кеңсе тауарлары және гүлге арналған вазондар. Халықаралық факультет студенттері үлкен концерттік бағдарлама – әлем халықтарының әндері мен билерін дайындады. Біздің студенттер өздерін жақсы жағынан көрсетті. Бұл оң энергияның өзара алмасуы болды. Студенттер де, балалар да мәз болып қалды!
Біз демеушілерімізге балаларға мейірімділік танытып, оларға шынайы қуаныш сыйлауға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Әлемді сұлулық құтқарады дейді! Ал біз оны сүйіспеншілік пен мейірімділік құтқарады деп сенеміз! Мейірімділік біздің мінез – құлқымыздың абсолютті стандартына айналсын, ал өзара көмек пен түсінуге деген ұмтылыс біздің күнделікті рәсімімізге айналсын. Жүректеріңізді ашып, ең күшті күш – мейірімділікке табына отырып, әлемді жақсартайық!