С.Д. АСФЕНДЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2024-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГТАРЫНА ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2024 жылдың 15 шілдесінде В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Фармация мектебінің бакалавриат түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті.
Бүгінгі таңда В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 446 жас маман бітірді, олар оқуды сәтті аяқтап, дипломдық жобаларын қорғады.
Бітіру рәсіміне құрметті қонақтар шақырылды – Денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық интеграциялық комитеттің төрағасы, Ұлттық медицина қауымдастығының құрметті президенті Садықова А.Б., Қазақстан Республикасының Фармацевтикалық қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының президенті Дурманова М.И., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректорлары Сұлтанғазиева С.Е. және Датхаев У.М., Фармация мектебінің бөлім меңгерушілері Устенова Г.О., Ахелова А.Л., Жапаркулова Қ.А., Жакипбеков Қ.С. және Қ.Қ.Қожанова, түлектердің туыстары мен ата-аналары қатысты.
Оқуда озат болған студенттер Буйембаева Аяулым Қуанышқызы және Сәбит Қарақат Жандосқызына «Үздік диплом» табысталды.«Үздік түлек – 2024» медалімен Аманкелді Аружан Нұркенқызы, Тұрсынәлі Әйгерім Орынбасарқызы, Тоқтасын Ақбота Нұргелдіқызы, Швец Сергей Владимирович, Антаева Акида Хашимбекқызы және Тельман Зарина Манарбекқызы марапатталды. Спортта, мәдени іс-шараларда және университеттің қоғамдық өмірінде ерекше көзге түскен түлектерге марапаттар мен сертификаттар табыс етілді.
Сәттілік жас түлектер! Кәсіби мансабыңызда шығармашылық және еңбек табыстарын тілейміз, Алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер!