«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды: Пайдалану жұмыстары департаментінің (ПЖД) Шаруашылық бөлімі корпусының әкімшісі
Бос лауазымның атауы: ПЖД Шаруашылық бөлімі корпусының әкімшісі – 1 бірлік.
Негізгі біліктілік талаптары: жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
– тазалауды ұйымдастырады және ғимараттың ішкі үй-жайларында тазалықтың сақталуын қадағалайды;
-ғимараттың үй-жайларын күзгі-қысқы пайдалану режиміне дайындайды;
– есіктерді, терезелерді, құлыптарды, перделерді және т. б. уақытылы жөндеуді ұйымдастырады.;
– қарамағындағы мүліктің сақталуын және ақаусыз күйде ұсталуын қамтамасыз етеді;
– мүліктің бар-жоғын есепке алуды жүргізеді, мерзімді қарап-тексеруді жүргізеді және оны есептен шығаруға актілер жасайды;
– қосалқы жұмысшылар мен тазалаушыларға құрал-жабдық, шаруашылық қызмет көрсету заттарын алады, береді және тиісті жедел есепке алуды жүзеге асырады;
– санитарлық талаптар мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің орындалуын бақылайды;
– санитарлық және өрт қадағалау жазбалары кітабын жүргізеді.
Болжамды жалақы: 180 000 теңге.
Түйіндемені қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7023 телефоны арқылы алуға болады.