С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Назар аударыңыз: Диабет қасыңызда!» атты жобаның салтанатты басталуы
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Назар аударыңыз: Диабет қасыңызда!» атты жобаның салтанатты басталуы
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 2015 жылдың 23 қазан күні «Назар аударыңыз: Диабет қасыңызда!» атты халықаралық жоба жұмысын бастады. Жобаны іске асыруда «Қазақстан Республикасы Диабеттік оқу-ағарту қоры» қоғамдық қоры мен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің әллеуметтік-тәрбие жұмысы Басқармасы, «Коммуникативтік дағдылар психотерапия негіздері жалпы және медициналық психология» кафедрасымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шаралардың дайындық кезеңдерінде треннинг, шеберлік-класс, вебинарлар өткізілді.
Жобаны жүзеге асыру үшін бір жарым жыл бойы Алматы қаласының 200 ден аса мектептерінде ағартушы жұмыстарын орындайтын 130 еріктілер таңдалды.
Салтанатты кездесуді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың оқу-тәрбие және әлеуметтік проректоры Тулебаев Қазбек Ағабылұлы ашып, студенттердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, кездесуде Данияның НовоНордикс компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігінің өкілі, жоба жетекшісі Дюсенбина Жанна, Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасының бас эндокринологі Шалаханова Зейнепгуль Сайлауовна, «Қазақстан Республикасы Диабеттік оқу-ағарту қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры Тукалевская Наталья Николаевна қатысты.
Кездесу қонақтары студенттерге жобаны іске асыруда өте мұқият және ыждақаттылықпен бастауын тілеп, еріктілерге сертификаттар тапсырды.