Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры жаңа академиялық жылға арналған міндеттерді атады: ғылым мен тәжірибенің үштұғырлығы
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов өткен оқу жылының қорытындысын жасап, 2024-2025 академиялық жылға тың жаңа міндеттер қойды. «Білім беру, ғылым және тәжірибе үштұғырлығына жету – біздің басты міндетіміз және миссиямыз», – деді Марат Шоранов.
Баяндаманың негізгі тараулары:
- Академиялық стандарттарды көтеру
- ҚазҰМУ Қазақстан бойынша прессаммит ұйымдастыруға Quacquarelli Symonds шақырды. Дайындық жұмыстары аясында ректор университеттің QS World University Rankings рейтингіндегі позициясын жоғарылату үшін шаралар қабылдауды тапсырды.
- ҚазҰМУ алғаш рет білім беру бағдарламаларының 5 жылдық ең ұзақ мерзімді аккредитациясын алды.
- Жазғы семестр – білім беру бағдарламасын толықтай қайта қарау тапсырылды.
- Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылданды.
- Білі беру тарифтерін өзгерту және студенттерді қабылдау үшін өту балын көтеру – білім сапасын жақсарту және ынталы оқушыларды тарту үшін қолданылатын шаралар.
- ҚазҰМУ Coursera сертификаттарын мойындайды.
- Академиялық ұтқырлық – әрбір іссапар нәтижелі болуы қажет.
- Профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 10 пайызға көтеріледі.
- Цифрлық технологияларды дамыту
- QR-код және цифрландырудың жаңа құралдары – оқу процестерін автоматтандыру, тәртіпті арттыру және сабаққа қатысуды бақылауды жақсарту.
- Үштұғырлылық
- Технопарк және Эндаумент қорының жұмысының басталуы – ғылыми зерттеулерді дамытуға және инвесторларды тартуға бағытталған жобалар.
- Университет инфрақұрылымын жақсарту
- «Ақсай» клиникасында ауқымды жөндеу жұмыстары – жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
- ҚазҰМУ Эндаумент қорының қолдауымен 9-шы жаңа жатақхананың ашылуы – қысқа мерзімде және ең төмен шығынмен аяқталған сәтті жоба.
- Құтқарушылар мен полиция қызметкерлерін оқыту – ҚазҰМУ ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.