С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор ассистенті Лауазымына конкурс жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: Профессор ассистенті:
Гистология кафедрасы – 3 бірлік;
- Коммуникациялық дағдылар кафедрасы – 6 бірлік;
Лауазымдық жалақысы: 290 000 тенге – ден бастап
Ассистент лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидасын ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу; білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бакалавриат білім алушыларымен кері байланыс орнату; оқу сабақтарын өткізуде кәсіптің ерекшелігін (жоғары білім беру бағыты бойынша),
Ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бакалавриат және магистратура білім алушыларын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тарту,ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: оқу сабақтарын өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің ықпалдасуын қамтамасыз ету; оқу процесінде ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану; жас оқытушыларға тәлімгерлікті жүзеге асыру,білім алушы жастарды әлеуметтендіру:
ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасын және ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту; білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау,
Білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; жұмыс берушілерді болашақ мамандарды даярлау процесіне тарту; дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеу; әр түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Ассистент лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
1) «Маман» біліктілігі бар жоғары білімнің және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы (ғылыми-педагогикалық магистратура / резидентура / докторантура);
2) Ғылыми-педагогикалық қызметтің жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 7 (жеті). жыл, ғылыми дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі талап етілмейді.
3) Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (уәкілетті мемлекеттік орган берген, жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат мамандықтар);
4) Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
5) Ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL – 525, IELTS – 5,5, TOEFL, IELTS немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы құжаты болғаны жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
- Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
- Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
- № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
- Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат (кемінде 36 сағат көлемінде);
- Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификат(куәлік)
11.Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
- Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
ҚазҰМУ-да жұмыс істейтін адамдар үшін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
- Басқарма Төрағасы-ректордың атына өтініш (1 корпус, 104 кабинет)
- Соңғы 5 жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері): соңғы 3 жылдағы біліктілікті арттыру туралы, ғылыми тағылымдамадан өту туралы сертификаттардың көшірмелері және т. б., негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі, ағылшын тілі бойынша сертификаттар және т. б.)
- Профессордың, қауымдастырылған профессордың, лектордың, ассистенттің бос лауазымдарына орналасуға арналған оқу бағдарламасы бойынша жобаның, ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жобасының презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады [email protected], [email protected]
Анықтама телефоны:8-727- 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236