Республика күні қарсаңында ҚазҰМУ университет қызметкерлері мен құрметті профессорларын марапаттады
Ұлттық мереке Республика күнін мерекелеу қарсаңында С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің қабырғасында үздік қызметкерлер мен құрметті профессорларды марапаттау рәсімі өтті. Бұл іс-шара – медициналық білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға қосқан кәсібилігін, адалдығын және көп жылдық үлесін атап өтіп, университеттің академиялық өміріндегі маңызды оқиға болды.
«1990 жылы 25 қазанда – Қазақстанның тәуелсіздігі басталды. Өйткені, бұл күні «мемлекеттік егемендік туралы Декларация» қабылданды. Бұл құжат – біздің заңнамамыздың құқықтық негізі саналды. Бұл Қазақстан халқының егемендікке, тәуелсіздікке қаншама ғасырлар бойғы ұмтылысының анық көрінісі болды. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, жаңа жетістіктер мен істеріңізге береке тілеймін. Күн сайын еткен еңбектеріңіз қуаныш сыйласын. Сіз бен біз халқымыздың денсаулығын сақтауда алдыңғы қатардамыз және бұл жол жетістіктер мен жеңістерге толы болсын!», – деді ҚазҰМУ проректоры Убайдила Датхаев құттықтау сөзінде.
Іс-шараның басты маңызы ҚазҰМУ-дың Құрметті профессорларын марапаттау болды. Марапат иелері университеттің медицинасы мен ғылыми қызметіне айтарлықтай үлес қосты. Олардың жетістіктері мен көп жылдық еңбегі біздің университет тарихының маңызды бөлігіне айналды.
Біздің университеттің 4 өкілі жоғары үкіметтік наградаларға ие болды:
1) Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының жетекшісі Локшин Вячеслав Нотанович I дәрежелі «Барыс» марапатына ие болды.
2) ҚазҰМУ Нұғманова атындағы онкология кафедрасының профессоры Қайдаров Бақыт Қасенұлы «Құрмет» орденін алды.
3) Профессор, медицина ғылымдарының докторы Асхан Смайылұлы Смайылов «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
4) Медицина ғылымдарының докторы, Акушерлік және гинекология ғылыми орталығының Директорлар кеңесінің төрағасы Зәуреш Аманжолова «Парасат» орденін иеленді.
Марапатталғандар қатарында студенттер мен Қазақстанның болашақ дәрігерлерінің игілігі үшін жұмыс істейтін қызметкерлер де болды. Олардың жұмысы көбінесе көрінбейтін, университеттің және медициналық білім беру жүйесінің сәтті жұмысының негізі болып табылады.
Сонымен қатар қызметкерлер, әріптестер мен студенттер үшін ортақ істің маңыздылығы мен бірлігінің ерекше атмосферасын сезіну мүмкіндігін сыйлады. Марапаттар тек кәсіби еңбегі үшін ғана емес, сонымен қатар өз ісіне адалдығы мен мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін де берілді.
Мұндай марапаттар шабыттандырып қана қоймайды, сонымен қатар ізгі дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. ҚазҰМУ өзінің оқытушылары мен қызметкерлерімен мақтанады, олардың білімі мен тәжірибесі университетті елдегі жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналдырады.