ҚазҰМУ-да Санжар Асфендияровтың 135 жылдығына орай студенттер арасында Фармация бойынша халықаралық олимпиада басталды
Бүгін С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық студенттік олимпиада басталды. Олимпиада Қазақстандағы ұлы ғалым, педагог және медициналық білім берудің негізін қалаушы – Санжар Асфендияровтың 135 жылдығына арналған. Білім жарысына түрлі елден келген медицина студенттері қатысуда. Олар олимпиада кезеңдерінде фармация саласындағы практикалық және теориялық мәселелерді шешу бойынша білімдерін көрсетеді.
Бұл олимпиада жас мамандарға білім алмасуға, шетелдік әріптестерінен тәжірибе алмасуға және дайындық деңгейлерін көрсетуге бірегей мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, осы ауқымды іс-шараға қатысу фармацевтикалық білім беруде озық әдістерді дамыту және енгізу үшін өте маңызды халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.