«Терапия саласының қазақша терминдерін біріздендіру мәселелері» республикалық терминологиялық конференция 2024 жыл, 8 қараша
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы №580 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №885 бұйрығының «2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» 2-қосымшасының 2-тармағын орындау мақсатында және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 2526-09-03-01-22-08 хатының негізінде 2024 жылғы 8 қарашада С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметовтың 80 жылдығы және С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенұлы Шәкеновтың 70 жылдық мерейтойларына орайластырылған «Терапия саласының қазақша терминдерін біріздендіру мәселелері» атты республикалық терминологиялық конференция өтетінін хабарлайды.
Конференцияға ҚР ДСМ салалық терминологиялық комиссиясы, терминологиялық саланың мелмекеттік уәкілетті органдары, медициналық ЖОО-лардың, білім беру және ғылыми ұйымдардың оқытушы-профессорлары практик дәрігерлер, жетекші сарапшылар, лингвист-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, аудармашылар, әдіскерлер, тіл мамандары, медицина терминдерінің жанашырлары шақырылады.
Конференция жұмысының бағыттары:
-
Терапия саласының терминдерін бекіту;
-
Терапия саласының қазақ тіліндегі оқу құралдарына, тесттерге талдау жүргізу;
-
Медициналық ЖОО-лардың терминологиялық топ жетекшілері мен мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі (ақпаратпен алмасу, ой бөлісу, өзара-іс-қимыл, жұмыстыру үйлестіру бағытында жұмыс жүргізу);
-
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметовтың және С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенұлы Шәкеновтың еңбектерінің көрмесі;
-
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметовтың және С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенұлы Шәкеновтың шәкірттерінің сөз сөйлеуі, құттықтаулар;
-
Университеттің морфологиялық ғимаратын аралау, университеттің симуляциялық орталығымен танысу;
-
Практикалық жұмыс, терминдерді талқылау;
-
Фотосессия.
Конференцияның жұмыс тілі – мемлекеттік тіл.
Конференцияға қатысушылар жинаққа жариялау үшін терапия терминдері бойынша даярланған материалдарды және медициналық ЖОО-лардың терминологиялық тобының атқарып жатқан жұмыстары туралы есебін және үлгі бойынша тіркелу үшін толтырылған өтінімді және қоса беріліп отырған кестеге сәйкес өңірлік деңгейде талқыланып, ұсынылатын терапия терминдерін [email protected] электрондық поштасына 2024 жылғы 24 қазанға дейін жіберу қажет.
Жіберілетін мақала тақырыптарының тізбесі: Терапия саласының терминдері, терапия саласының қазақ тіліндегі оқу құралдарына талдау, медициналық ЖОО-лардың терминологиялық топ жетекшілері мен мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметовтың және С.Р.Қарынбаев атындағы анатомия кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенұлы Шәкеновтың еңбектеріне сәйкес болуы, орфография, пунктуация талаптарына және төменде көрсетілген ресімдеу талаптарына сай болуы қажет. Жіберілген мақала файлы мақала авторының аты-жөнімен аталуы керек.
Конференция материалдарының жинағына жарияланатын материалды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторының мәтінінде терілген, А4 форматындағы 3-4 беттен аспайтын болуы керек.
- Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14, интервал – 1, сол жағы – 2,0 см, оң жағы – 2,0 см, жоғары және төменгі жағы – 1,5 см, абзац – 1 см);
- Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және ғылыми атағы, мекеме, қала, бір жолдан кейін мақала мәтіні беріледі.
- Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша және дереккөз беті (тік жақшаның ішінде) белгіленіп, мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Мысалы: [1, 12 б.].
Баяндаманы ресімдеу үлгісі:
Терапиялық терминдердің қазақ тіліндегі оқулықтарда берілу мәселесі
М.Ж.Ерғазина «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ, Алматы қаласы
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ
Аты-жөні | |
Жұмыс орны (мекеме), қызметі | |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
Пошта индексі, мекенжайы | |
Баяндама (мақала) тақырыбы | |
Телефоны | |
Керекті техникалық құралдар: | |
Қатысу түрі (ауызша баяндама немесе жарияланым) | |
Қосымша баяндамашылар |
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ конференцияға жауапты тұлғалар:
- Құзатбекова Елігай Болатбекқызы, +7 701 193 3307, [email protected]
- Искакова Лунара Әлібекқызы, +7707 313 8069, [email protected]