С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94
Бос лауазымның атауы: Декан
1) Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі.
Деканның лауазымдық міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Мектептің/факультеттің даму стратегиясын әзірлейді, мектеп/факультет қызметінің бағыттары бойынша жұмыс берушілермен және басқа ұжымдармен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады; мектептің/факультеттің оқу, ғылыми, әлеуметтік-тәрбие және қаржы жұмысына басшылық жасайды, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Мектеп/факультет кафедраларының меңгерушілеріне, ұжымына және білім алушыларға әкімшілік басшылықты жүзеге асырады, мектеп/факультет құрамына кіретін оқу және ғылыми бөлімшелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Мектептің/факультеттің кадр саясатын анықтайды. Кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді.
Мектеп/факультет түлектерін жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Мектеп/факультет бітірушілерін қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі мектептің/факультеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына кіреді. Мектептің/факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Мектеп/факультет оқушылары мен қызметкерлері арасында адамгершілік, адамгершілік тұрғыдан салауатты қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді; ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырады, мектепте/факультетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді; білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылайды.
Мектеп/факультет деканы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
Мектеп/факультет деканы лауазымына мынадай талаптар қойылады:
- Жоғары білімінің болуы;
- Ғылыми дәрежесінің немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесінің болуы/бейіні бойынша;
- Кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі;
- Жоғары білім саласындағы басшылық лауазымда кемінде 3 жыл болуы;
- Соңғы 3 жылда білім беру/денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (көлемі кемінде 36 сағат);
- Атқаратын лауазымы шеңберінде тілді толыққанды қолдану, құжаттамамен жұмыс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді меңгеру;
- TOEFL – 525, IELTS – 5.5, ҰТО – 75 деңгейінен төмен емес деңгейде ағылшын тілін меңгеруге немесе шетел ЖОО-ның ағылшын тілінде білім туралы дипломға артықшылық беру.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының заңдарын жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер; білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері; оқу жоспарларын жасау тәртібі; оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережесі; педагогика, физиология, психология; кәсіптік оқыту әдістемесі; студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістері; экономика негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
1) фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
2) жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі;
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері;
4) белгіленген тәртіппен берілген соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
5) № 075/у «Медициналық анықтама» нысаны, флюрография;
6) конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
7) психоневрологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы
8) соңғы жұмыс орнынан ұсыным;
9) соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (растайтын құжаттармен).
10) мектепті/факультетті бес жылға дамыту бағдарламасының тұсаукесері (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) апта ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет, Персоналды дамыту басқармасы.
Анықтама телефоны: 3387080 вн. 7022, 7021