Үштілділік және білім беру бастамалары: Фармацевтика өнеркәсібі үшін болашақ мамандарды қалай дайындау керек?» және «Халықтар достастығы – ел бірлігі
Фармация мектебінің химия кафедрасы 2024 жылдың қараша айының 21-22 аралығында «Үштілділік және білім беру бастамалары: Фармацевтика өнеркәсібі үшін болашақ мамандарды қалай дайындау керек?» және «Халықтар достастығы – ел бірлігі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Фармация саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда үш тілде оқытудың маңыздылығын және осы процеске ықпал ететін білім беру бастамаларын негізге ала отырып, студенттердің ана тіліне деген сыйластығын тәрбиелеу, рухани құндылығын арттыру мақсатында кафедраның доценттері Сарова Н.Б., Ашимхан Н.С. және лектор Абдурахманова Л.А. кураторлық ФӨТ 23-001; ФӨТ 23-002; ФӨТ 23-005; ФӨТ 23-006; ФӨТ 23-009; ФӨТ 23-010 топтар студенттерімен өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар, студенттерге елдер арасындағы өзара ынтамақтастық пен сыйластықты негізге ала отырып бірлесіп атқаратын біліктіліктерін шыңдауға кеңестер берілді.