Құрметті, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім алушылары
Құрметті, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім алушылары
Әлеуметтік жұмыс бөлімі әлеуметтік комиссияға құжаттарды қабылдау басталғанын жариялайды, онда 2024-2025 оқу жылына білім алушыларға оқу ақысын төлеу бойынша материалдық көмек көрсету туралы мәселе қаралатын болады.
Әлеуметтік көмек шарттық негізде білім алушыларға, Басқарманың 24.05.2024 жылғы шешімімен бекітілген және университет сайтында орналастырылған Әлеуметтік көмек көрсету туралы ережеге сәйкес, әлеуметтік критерийлерге сай келетін білім алушыларға көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау: 2025 жылғы 20 қаңтардан 20 ақпанға дейін Төле би көшесі, 88, № 4 дәрісханалық корпус, № 217 кабинетте жүзеге асырылады. Қабылдау уақыты: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, комиссия хатшысы Итенова А.А.