«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды:
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды:
Бос лауазымның атауы:
– Терминологиялық комиссияның техникалық хатшысы – 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
– Жоғары педагогикалық, филологиялық немесе медициналық білімі бар және мемлекеттік тілді өте жоғары деңгейде меңгерген тұлға тағайындалады.
– Атқаратын лауазымы шеңберінде мамандығы бойынша мемлекеттік тілді толыққанды қолдану, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде білу.Хатшы ретіндегі тәжірибесі болуы құпталады.
Келесі құзыреттердің болуы:
-Терминологиялық комиссияның құжаттарымен айналысады;
-Бекітілген терминдерді жинақтап, үйлестіріп, терминдердің қайта бекітілуіне жол бермеуі керек;
-Республикалық және университетішілік сараптамаға келген оқу әдістемелік құралдардың авторларымен шарт жасайды және орындалған жұмыс актілерін толтырады;
-Терминологиялық комиссия мүшелері өткізетін жиналыстар мен мәжілістерді дайындау бойынша жұмысты жүргізеді (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды жиналыстың уақыты мен орны, күн тәртібі, оларды тіркеу туралы хабардар ету), отырыстар мен мәжілістердің хаттамаларын жүргізеді және рәсімдейді;
-Терминологиялық комиссия төрағасының шығарған бұйрықтарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
-Жыл бойы авторлардан қазақ және ағылшын тілдерінде оқу-әдістемелік құралдарды қабылдайды және терминологиялық комиссия төрағасының нұсқауымен комиссия мүшелеріне тексеруге береді;
-Терминологиялық комиссия мүшесі тексеріп болғаннан кейін баспадан шығаруға рұқсат беретін анықтама дайындайды;
– Терминологиялық комиссияның төрағасының және мүшелерінің нұсқауымен ҚР басқа медициналық оқу орындарымен және денсаулық сақтау ұйымдарымен терминдерді біріздендіру мен осы бағыттағы жасалған жұмыстар бойынша ақпарат алмасу үшін байланыс орнату;
– Әртүрлі деңгейдегі терминологиялық конференцияларды ұйымдастыруға қатысады;
Университет сайтына, қажет болса әлеуметтік желілерге ақпараттар, фото есептер салып отыру;
– Терминолог сараптама бергеннен кейін орындалған жұмыс бойынша акт толтырып, бухгалтерияға тапсырады; Терминологиялық комиссияның жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыру.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7022