ҚазҰМУ – «Атамекен» білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингінде жетекші!
📢 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орны мәртебесін тағы да растады! «Атамекен» ұлттық рейтингі бойынша ҚазҰМУ «Медицина», «Стоматология», «Мейіргер ісі» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша бірінші орындарды иеленді. Бұл – білім сапасының, инновациялық көзқарастың және жоғары деңгейдегі мамандар даярлаудың лайықты мойындалуы!
Білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі жыл сайын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп жүргізеді. Рейтинг білім беру сапасы мен түлектердің еңбек нарығындағы сұранысына негізделген негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары оқу орындарын бағалайды.
Бағалау әдістемесіне 17 критерий кіреді, олардың ішінде:
✔ Түлектерді жұмысқа орналастыру – мамандық бойынша жұмысқа орналасу жылдамдығы мен табыстылығы.
✔ Жалақы деңгейі – түлектердің орташа табысы, бұл мамандардың сұранысқа ие екенін көрсетеді.
✔ Білім беру бағдарламаларының өзектілігі – оқу бағдарламаларының қазіргі еңбек нарығы талаптарына сәйкестігі.
✔ Жұмыс берушілердің бағалауы – ірі медициналық ұйымдардың мамандар даярлау сапасы жөніндегі пікірі.
✔ Академиялық орта – халықаралық тағылымдамалар, қос диплом бағдарламалары, ғылыми жарияланымдар.
ҚазҰМУ түлектерінің 90%-дан астамы оқуын аяқтаған алғашқы айларда жұмысқа орналасады, бұл Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Университеттің білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай, ал оқу үдерісі заманауи оқыту әдістерімен ықпалдастырылған.
ҚазҰМУ – бұл жай ғана университет емес! Бұл – тарих, дәстүр, озық технологиялар және әрбір студентке берілетін үлкен мүмкіндіктер. Біз қазақстандық медицинаның дамуына қосқан үлесімізді мақтан тұтамыз және алға қарай жылжуды жалғастырамыз!
🎓 ҚазҰМУ-ға оқуға түс – медициналық элитаның бір бөлігі бол!