«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды:
Бос лауазымның атауы:
Медиа коммуникация бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Медиа-коммуникациялар бөлімі басшысы бөлімнің стратегиялық жоспарлауын, ұйымдастырылуын және үйлестірілуін, медиажобаларды әзірлеу мен іске асыруды, корпоративтік беделді басқаруды және БАҚ-пен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы саясатын жүзеге асыруға бағытталған келешектік және ағымдағы бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру жұмыстарын басқарады. Ұйымның түрлі топтармен, БАҚ-пен және басқа ұйымдармен тұрақты әрі тиімді екіжақты байланысын қамтамасыз етеді. Қоғаммен байланыс саласындағы ішкі және сыртқы саясатты іске асыруға бағытталған іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады. Ұйымның қызметі туралы ақпараттық-жарнамалық материалдарды тарату жұмыстарын жүргізеді
Білімі және кәсіби даярлығы
- Білім, коммуникация, қоғаммен байланыс, ақпараттық технологиялар және әкімшілік-мемлекеттік басқару саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Пресс-қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті.
- Гуманитарлық білім (филология, журналистика, PR, маркетинг, медиа-коммуникациялар немесе осыған ұқсас мамандықтар).
- Магистр дәрежесінің болуы міндетті.
Жұмыс тәжірибесі
- Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Медиа-коммуникация, PR немесе цифрлық маркетинг саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Басшылық қызметтегі тәжірибесі кемінде 3 жыл.
- Білім беру ұйымдарында (университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, білім беру орталықтары және т.б.) жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті.
- Журналистермен, блогерлермен, инфлюенсерлермен, серіктестермен және мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі.
Біліктілік талаптары
Келесі дағдылардың болуы қажет:
- PR-менеджменттің негізгі қағидаларын білу.
- Медиа-жоспарлау дағдылары.
- Мақала, шолу, пресс-релиз, сұхбат, жарнамалық материалдар, әлеуметтік желілерге арналған посттар жазу қабілеті.
- Жазбаша және ауызша сауаттылық, мәтіндерді өңдеу, түзету дағдылары.
- Күрделі мәтіндерді қарапайым әрі әртүрлі стильде жазу қабілеті.
- Әртүрлі коммуникация арналары (БАҚ, әлеуметтік желілер, видеоплатформалар және т.б.) арқылы жұмыс істеу.
- Пресс-релиздер, мақалалар, посттар мен медиа сценарийлер жазу дағдылары.
Жеке қасиеттер
- Көшбасшылық қасиеттер, команданы ынталандыру қабілеті.
- Жауапкершілік деңгейінің жоғары болуы, стратегиялық ойлау.
- Нәтижеге бағытталғандық, креативтілік, бейімделгіштік.
- Тамаша коммуникациялық және презентациялық дағдылар.
- Көп міндеттілік жағдайында және қысқа мерзімде тиімді жұмыс істей білу.
Қосымша талаптар
- Іс-шараларды (конференциялар, форумдар, PR-акциялар) ұйымдастыру тәжірибесі.
- Медиа саласындағы кәсіби байланыстардың кең желісі артықшылық болып саналады.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7022