Докторантураға түсу үшін алдын ала іріктеу
Құрметті докторантураға түсушілер !
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде алдын ала іріктеуден өту кезеңі басталғанын хабарлайды.
«Денсаулық сақтау» білім беру саласындағы докторантураның білім беру бағдарламаларына түсетін тұлғалар үшін алдын ала іріктеу жүргізіледі:
- «Медицина»
- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- «Фармация»
- «Мейірбике ғылымы».
Алдын ала іріктеу 2025 жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін жүргізіледі.
Құжаттар қағаз форматында файлды папкамен Алматы қ., М.Маметова көшесі, 3 үй, 2 қабат, 9, 14 ауд. (магистратура және докторантура бөлімінде) дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-17.00 қабылданады.
Байланыс телефондары:
8(727) 338-70-30 (ішкі 7268);
8 7758823125;
8 7002669117.
Алдын ала іріктеуден өту үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Ұйым басшысының атына өтініш (1-қосымша).
- Жеке куәлік (көшірме).
- Жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі (өткен жылдар түлектері үшін).
- Оқу орнынан анықтама (жоғары оқу орнының соңғы курсында білім алушылар үшін).
- Түйіндеме (жеке деректер, жұмыс тәжірибесі, білімі, дағдылары, аяқталған курстар, семинарлар, жобаларға қатысу, шет тілдерін білу).
- Соңғы оқу/жұмыс орнынан мінездеме.
- Ғылыми кеңесшінің ұсыныс хаты.
- ҚазҰМУ ғылым және инновация бөлімімен расталған соңғы 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жоспары, эсселер және басқа құжаттар) тізбесі (2-қосымша).
- Ғылыми конференцияларға қатысқаны туралы сертификаттар.
- Қазақ /орыс тіліндегі диссертациялық зерттеу аңдатпасы (3-қосымша).
- Мотивациялық эссе.
- Шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады (бар болса):
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес
- Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған кадрлық есеп бойынша жеке парағы немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат.
*Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімі ЖОО қабылдау комиссиялары тексереді.
(TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm)) Сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы алдында қосымша тестілеуден өтеді.